Алматыда кондуктор қызметіне 45 жастан асқан азаматтар сұранысқа ие

17.03.2017 в 15:08

45 жастан асқан 800 кондуктор жуық арада Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде қызметін бастайды. Жасын белгілеу арқылы «Green bus» тасымалдаушы мекемесі кондуктор қызметіндегілердің жұмысын ретке келтірмек. Жас қызметкерлердің не себепті жолаушылар мен басшылыққа жақпағанын Әнуарбек Жәлел тарқатып айтсын.

Қоғамдық көлікте жүріп жүйкені қоздыратын түрлі жайттар болады. Адамдар асығып, итеріп, айқайға салып жататын кездерде көп.. Тіпті, ащы сөзді кондуктордан да естіп жататыны да бар. Осындай жағдайлар орын алмас үшін  «Green bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жасы 45-тен асқан қызметкерлерді жұмысқа қабылдамақ. Басшылық өкілі өмір тәжірибесі автобустардағы тәртіпті айғайсыз орнатуға септеседі деп есептейді.  

«Жастар көбіне қызу қанды келеді. Сондықтан біз 45 жастан асқан азаматшаларды жұмысқа алуды жөн санадық. Себебі, олар жауапты келеді, нәтижелі жұмыс істейді. Бастысы, тиянақты»,- деді «Green bus» ЖШС директорының орынбасары, Бақытжан РЫСБАЕВ.

Мекеменің 800 қоғамдық көлігі, 36 автобус және 8 троллейбус маршруттары бойынша қозғалады. Әр автобусқа кем дегенде 2 кондуктор қажет. Алайда, Оңай жүйесін орнатқаннан кейін бір контроллер де жеткілікті. Тасымалдаушы тарап, қоғамдық көлікпен жүретін адамдардың 30-40 пайызы жол ақысын төлеуге құлық танытпайтынын жеткізді. Сондықтан, кондуктор өте қажет кадр.

«Пока енді қазір билетсіз жүретін адамдардың саны азайды. Сүйінбай көшесінің бойында тексеріс жүргізудеміз. Автобустар жақсы келіп жатыр. Жалпы болады. Іші таза. Төлеген адамдар бар»,- деді Бақылаушы, Балжан САРИЕВА. 

Балжан секілді бақылаушыларға күніне 40 автобусты тексеруге тура келеді. Кондукторлар пайда болса, бақылаушылардың жұмысы жеңілдей түспек. Билетсіз жүретіндердің қатары да сейілуі мүмкін. Жолашылар бұл жайлы түрлі пікірде. 

Мекеме басшылығы 175 бақылаушы барлық жолаушыларды тексеруге қауқарсыз дейді. Ал, енді жаңадан жұмысқа орналасатын адамдардың жасына қарай адал болады деп үміттенеміз дейді. Енді бұл бастаманың қалай болатынын тек уақыт көрсетеді. 

Әнуарбек Жәлел, Салтанат Шорай, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы