Алматыда контрабандалық құнды бұйымдар тәркіленді

14.04.2017 15:58

Алматыда 3 жарым млрд теңгеге бағаланатын контрабандалық құнды бұйымдар тәркіленді. Антиквар тауарлар қалаға АҚШ пен Еуропа елдерінен жеткізілген. Мемлекеттік кірістер департаменті мен әуе-көлік прокуратурасының жедел-іздеу шаралары барысында белгілі болды. Көне заттар қалаға жүйелі түрде, яғни қаланың әр жеріне халықаралық пошта арқылы жеткізіліпті. Тәркілеу барысында бұйымдар 11 миллион АҚШ долларынан асатыны белгіленген. Әзірге контрабандалық топты кімдердің ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір іс алдын ала келісіліп ұйымдастырылған экономикалық қылмыстық топ бабы бойынша сотқа жіберілді

«Қазір тарихи бұйымдардың тұпнұсқалығын айқындау үшін сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, мемлекетке келген шығындарды анықтау жұмыстары басталып кетті. Қылмыстық іс 234 баптың 2 тармағындағы  Экономикалық контрабанда бойынша Сот алды ісі тағайындалды»,- деді МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы, Заңғар ШЫНДАЛИ. 

Табылған бұйымдардың арасында әлемде тек 71 ғана данасы бар "Фаберже жұмыртқасы" да бар. Одан бөлек тарихи шлемдер, иконалар, көне қару-жарақтар, қылыш пен қамшы, ваза сияқты құнды ескі бұйымдар тәркіленді. Сондай-ақ, қылмыстық топ сирек кездесетін алкогольді сусындар мен 20 жылдан 200 жыл сақтауға жарайтын шараптардың 70 бөтелкесін елге алып кіруге тырысқан.