Алматы қаласы әкімдігінің ұсынысына орай шаһардағы сауда орталықтары мен дүкендер Универсиада ойындары қарсаңында тауар түрлеріне жеңілдіктер фестивалі аясында жаппай жеңілдіктер жасалуда. Қала тұрғындары мен қонақтары төмендетілген бағада киім-кешек, әшекей және тұрмыстық техниканы сатып ала алады. Бұл шара 10 ақпанға дейін жалғасады.
Шаһар әкімшілігі қала тұрғындары мен қонақтарының қол жетімділігі үшін сауда кәсіпорындары мен бірлесе жұмыс жасауды жөн көріпті. Қазіргі таңда, 200-ден аса сауда орны мен дүкендер жеңілдік жасауға келіскен. Аталмыш шара бүгіннен бастау алды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жеңілдік фестиваліне қатысатын бірнеше сауда орталығын өзі аралап көрді.
Сауда орталықтарында жүріп жатқан шара туралы есітіп, жеңілдік фестивалі аясында тауар сатып алғандардың бірі Мәдина Сәдуақасова. Ол өз ұлына киімді отандық өндірушіден алуды жөн санады.
«Негізі жеңілдіктер көп бола бермейді. Бірақ, енді дәл қазір фестиваль болғандықтан, өте жақсы жеңілідіктер жасап жатыр. Сондықтан, біз көптеген киімді азғантай ғана ақшаға алып жатырмыз. Дәл қазір ақшаңды да үнемдеп. Жақсы сапалы заттарға да тап болып, көңіл-күйің көтеріліп қайтасың»,- деді Мәдина СӘДУАҚАСОВА.
Сауда орнындағы жеңілдікті көріп, аралап шыққан әнші өзіне кітап сатып алуды жөн санаған.
«Универсиада қарсаңында біздің Алматының сауда орталықтарына осындай үлкен Almaty sales фестиваль жеңілдіктер фестивалі өткізіліп жатыр. Бұл өте жақсы шара деп ойлаймын. Тек Алматы тұрғындары үшін емес және де осы Универсиадаға келетін біздің еліміздің қонақтары біздің спортшыларды қолдап келетін, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қонақтарға өте қолайлы шара деп ойлаймын»,- деді «Ринго» тобының әншісі, Батыр БАЙНАЗАРОВ. ¤
Қала тұрғындары мен қонақтары киім-кешекті 80 пайыз, әшекей бұйымдарын 40 пайыз, косметиканы 20 пайыз және тұрмыстық техниканы 15 пайыз төмендетілген бағамен сатып ала алады. Универсиада ойындары қарсаңында жасалған жеңілдік қала тұрғындарын ерекше қуантты.
Негізі мен банкке келіп едім. Максима сауда орталығында концерт болып жатыр екен. Жеңілдіктер фестивалі,- дейді. Сол себепті тамаша жеңілдіктер болып жатыр екен. Тіпті 90 пайызға дейін. Өте қуаныштымыз.
Алматылықтар тауарды арзан бағада 500-ге жуық әлемдік бренд ұсынып отырған жүздеген сауды орны мен тағы осынша дүкен желісі жеңілдіктер фестиваліне қатысуға келісім берген.
«Біздің сауда орталығында 183 дүкен бар. Жеңілдік фестивалі кезінде тауарларға деген сұраныс 20 пайызға дейін артады деген болжам бар. Қазірдің өзінде сауда қызып тұр»,- деді Сауда орталығының қаржы директоры, Алексей ХЕГАЙ.
Мега Алматы сауда орталығын аралау кезінде қала басшысы қысқы Универсиада ойындарына билет сататын кассаны да қарап көрді. Қызметкерлердің сөзінше, тұрғындардың әсіресе мәнерлеп сырғанау және хоккей жарысына қызығушылығы жоғары. Тіпті, қазақ хоккейшілері сайысатын ойынға тіпті билет қалмаған. Бүгінде, саудаға түскен 200 мың билеттің 86 мыңы сатылып кетіпті.
Ал Жетісу ауданы әкімдігі жеңілдік фестиваліне орай, концерттік бағдарлама қойып, тұрғындар арасында Универсиада ойынына билет ойнатты. 20 қаңтарда бастау алған шара 10 ақпанға дейін жалғасады.
Перизат Көмекбайқызы, Рашидин Якупов, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы