Алматыдағы жарнама тақтайшалар жаңартылмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қөріктендіру ережесіне сай келмейтін 1 мың 632 жарнама тақтайшасы жаңартылды. Сонымен қатар, түрлі тарихи ғимараттарды жауып тұрған, жүргіншілер жолына кедергі келтірген 200 жарнама тақтайшасы сүрілген. Жалпы, Алматыда жарнамамен айналысатын 18 компания бар. Олар осы уақытқа дейін көшедегі 1 мың 894 биллбордқа түрлі жарнамалар іліп, қомақты қаржы тауып келген еді. Бүгінгі күнге дейін 16 компания жұмысын жаңа форматқа көшірген.

Бірақ, "one+one almaty" және "billboards empire" атты екі жарнама агентігі талапты орындамай отырған көрінеді. Оларға осы уақытқа дейін 17 рет ескерту жасалған. Жалпы, жарнама тақтайшалары халыққа қауіпсіз, көлемі көзге оғаш болмауы керек. Алайда, жер комиссиясы оларға қарасты 158 жарнама нүктесінің  талапқа сәйкес келмейтіндігін анықтапты. Тіптен жоғарыда аты аталған екі компанияның жұмысын мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот заңсыз деп тапқан.


Новости партнеров