Атакент аймағындағы павильонның бірі өткен демалыс күндері үлкен спорт залына айналды. 3500 шаршы метр болатын аумақ бірнеше бөлікке бөлініп, онда спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Шараға ниет еткен әрбір қала тұрғыны қатысты. Келушілер қол күрестіріп, воркаутта бақ сынап көрді. Тіпті, зумба мен сальса билерінен де жарысты. Айта кетсек, сайысқа кез келген адам тегін қатысты. Ал ерекше белсенділік танытып, көзге түскендерге сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ шара кезінде салауатты өмір салтын ұстанушылар танымал спортшылардың шеберлік сағатына қатысты. Олар өз кезегінде жетістіктерінің құпиясы мен жаттығудағы техникалық ерекшеліктерімен бөлісті. Фестиваль қала әкімдігінің қолдауымен өтті.
«Шараға кез келген адамның тегін қатысуына мүмкіндік бердік. Өйткені, салауатты өмір салтын ұстауды дәріптегіміз келеді. Әсіресе жастарымыз ішімдік пен есірткіден ада болып, спортқа бет бұрса біз өз мақсатымызға жеткеніміз»,-деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Константин АВЕРШИН.