Қазақтың қара баласы, біртуар тұлғасы. Қазақ ғана емес ТМД елдері өнерін жоғары бағалаған Батырхан Шүкенов көзі тірі болғанда биыл, 18 мамырда 55 жасқа толар еді. Әншінің өмірден озғанын бірге жүрген достары түгіл дүйім ел де әлі мойындай қойған жоқ. Сахна төріне қайта шығатындай сезіледі де тұрады дейді тыңдармандары. Шығармашылығының кемел шағында дүниеден озған әншіні еске алу шарасы толастаған жоқ. Бұл, өзі өлсе де көзі тірі елдің жадынан өшпегені. Республика Сарайының сахнасында Батырхан Шүкеновты еске алу кеші өтіп жатыр. «Махаббат үшін алғыс» атты мерекелік кеш сүйікті әншінің 55 жылдығына арналып отыр. Концерт барысын әріптесім Әнуарбек Жәлел бақылауда. Ол студиямен тікелей байланысқа шығуға дайын. Әнуарбек, кеш қалай өтіп жатыр? Сөз тізгіні өзіңде?
Сая тап қазір Республика сарайының ішіндемін. Концерт өз уақытынан сәл кеш басталса да барлығы ойдағыдай, жоспарлы түрде өтуде. Ұйымдастырушылар концертке қатысады деген барлық шетелден келген эстрада жұлдыздары Рет-ретімен шығады деген. Яғни, Валерий Меладзе, Севара Назархан, Далер Назаров, «Меццо» тобы және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның қоры. Дәл осы қор кештің шымылдығын керемет түрді десек болады. Яғни, ерекше түрде, олар сахнаға шығып емес керісінше қатарлардың арасына, видеодан көруге болады, қатарлардың арасына тұрып әсем әуен орындады. Бұдан кейін жүргізушілер Далер Назаровты сахнаға шақырды, Далер Назаров әсем әуендерін орындады. Тап қазір менің құлағым естіп тұр. Севара Назархан сахнада ән орындауда. Енді, айта кетерлігі бұл концерттің басты ерекшелігі түрлі жанрда ән орындалады. Яғни, этно, фолк, поп, джаз, блюз секілді. Себебі, Батырхан Шүкеновтің өзі де жан-жақты болған деседі. Олжас Байқанов Батырхан Шүкенов атындағы қорды басқаратын директор, концерт басталмас бұрын бізге концерттің қалай өтетінін, не күтетінін және не дайындағанын айтқан болатын соған құлақ түрейік.
«Бәрі ойдағыдай өтіп жатыр. Біз бұл шараға мұқият дайындалдық. Концертте таңғажайып көріністер сахналанады. Бұл концерт бәрінің есінде ұзаққа қалады деген ойдамын»,- Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры, Олжас БАЙҚАНОВ.
Айта кету керек, бұл концерт «Махаббаттарыңыз үшін рахмет» деп аталады. Яғни, Батырхан Шүкеновтің көзі тірі болғанда биыл 18 мамырда ол 55-ке толар еді. Мерейтойлық датаға арнайы ұйымдастырылған концерт соны еске алу үшін және Батырхан Шүкеновтің атындағы қор концерттен жиналған қаражатқа Батырхан Шүкеновтің жарыққа шықпаған әуендерін, әндерін халық назарына жаңа таспа ретінде ұсыну жоспарда бар. Айта кету керек, бұл концерттің басты ерекшелігі мұнда жиналған халық лық толы. Келген қонақтар жанды дауыста және риясыз ән айтып халық назарын өзіне аударуда. Сая әзірге мендегі бар ақпарат осымен тәмам концерт әлі де жалғауда, мен қазір міндетті түрде барып концертті көруді жалғастырамын. Ал сөз кезегі өзіңде.
Рахмет. Бізбен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Әнуарбек Жәлел болатын.