Халық жазушысы Зейнолла Қабдоловқа - 90 жыл

Халық жазушысы Зейнолла Қабдоловқа - 90 жыл
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халық жазушысы, сөз сүлейі, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі Зейнолла Қабдоловтың туғанына 90 жыл. Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында зиялы қауым, оқырмандары мен өнер жанашырлары ұлт руханиятының көрнекті кайраткерін еске алды. Тұтас ғұмырын қазақ әдебиетінің кемелденуіне арнаған әдебиет зерттеушісінің көптеген шығарма, әңгіме-очерктері жарық көрген. «Сөнбейтін от» драмасы еліміздің театр сахналарында қойылған. Еліміздегі ғылым мен білімнің бірден-бір қарашаңырағы - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жарты ғасырдан астам ұлы Әуезов дәстүрін сәтімен мықтап жалғастырып, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген.

«Қазақ халқы, әдебиет сүйер қауым талантты қаламгер әдебиеттану ғылымының дамуына орасан зор, өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым ұстаз ретінде жақсы біледі. Зейнолла Қабдолов қазақ әдебиетінде сұлу сөздің шебер өрнегін кестелеген сөз зергері. Оның жаңа ғана айтылып өткендей «Өмір ұшқыны», «Біз жанбасақ», «Адам», «Сыр», «Жебе» атты еңбектері соның айғағы»,-деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Арман ҚЫРЫҚБАЕВ.

«Қазақтың руханиятына келіп үлкен арна болып қосылған қазақтың өзін өзіне танытқан жаңа буынның маңдай алды өкілі осы Зекең болатын. Зекең деген кезде біздің есімізге мынау біздің Алаштың 100 жылдығы ғой сол Алаш дейтін ұғым қоса түседі»,-деді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, Нұрлан Оразалин.   


Новости партнеров