Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі тұтқындалған болуы мүмкін. Арнайы жасақ ұзақ жылдан бері кәсіпкерлерге қысым көрсетіп келген күдіктіні қолға түсіру үшін операция ұйымдастырған. Қылмыстық топтың басшысы еліміздегі ірі әйнек өңдейтін зауытты басқарған деген ақпар бар. Бірақ әлі ешкім ресми түсініктеме берген жоқ. Қазір істің мән-жайын білу үшін тікелей байланысқа әріптесім Дастан Сейілханұлы шығады. Дастан, арнайы операция туралы қандай да бір дерек бар ма?
«Мен таңертең немеремді шығарып салу үшін сағат 8-де далаға шыққанмын. Көшеде дәл қазіргідей көлік көп болды. Әдетте мұндай көп көлікті көре бермейміз»,- деді Қала тұрғыны, Ольга ЛИВИЦКАЯ.
Бізбен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Дастан Сейілханұлы болатын. Хабарымызды әрі қарай жалғастырсақ.