|
13.06.2017 | 11:55
4297

ЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы күнінде шараға 10 мыңнан аса адам келген

ЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы күнінде шараға 10 мыңнан аса адам келген

Астана төрінде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің алғашқы күнінде шараға 10 мыңнан аса адам келген. Бүгінде павильондардың көпшілігі келушілерге есігін айқара ашты. Болашақ энергиясы мен баламалы қуат көзін өндіруде көрмеге қатысушы елдер өз жобаларын көпшілік назарына ұсынуда. Көрмені алғашқылардың бірі болып, біздің әріптесіміз Азамат Әуезханда тамашалаған болатын. Алған әсерімен бөлісу үшін дәл қазір бізбен тікелей байланысқа шықпақ. Азамат Қайырлы кеш! Алғашқылардың бірі болып ашылған павильондар туралы айтып берсең. Қазақстан павильонында болдың ба? Алған әсерің қандай?

Ұлттық болмысымыздан хабар беретін Қазақстан павильонын аралау бақыты маған да бұйырды. Алған әсерім де ерекше. «Нұр әлем» ғимаратына, ол ЭКСПО-2017 нысанының нақ ортасында орналасқан алып шар, кіре салысымен қазақы иіс аңқып тұр десем қателеспеспін. Бірінші қабатында киіз үй орналасқан. Онда смарт жоба шешімін тауыпты. Салт-дәстүрімізден, ділімізден хабар беретін  стенограмманы тамашалауға келгендер аз болмады. Айта кетерлігі, көпшілігі шетелдіктер. Негізінен, алып шар 8 қабаттан тұрады. 1-ші қабатта ұлттық павильон орналасса, келесі қабаттарда Су энергиясы, кинетикалық энергия, Биомасса энергиясы, жел, күн, ғарыш энергиясы бойынша жобалар халық назарына ұсынылған. Ал ең жоғарғы, 8-ші қабатта Болашақ Астананың бейнесін көруге болады. Барлық қабатты аралап шығуға менде мүмкіндік аз болды, бірақ міндетті түрде тамашалайтын боламын. Жалпы ЭКСПО аумағында адам қарасы өте көп болды. Отандық және шетелдік саяхатшыларды сөзге тартып, алған, көрген әсерлерімен бөлісуге шақырып едім. Олай болса, тыңдап көрелік.

«Біздің павильонда 5 аймақ бар. Олар көрме аяқталғанша өзгермейді, ал бір аймақ, ол тақырыптық. Түрлі ұлттық компаниялар 1-2 апта көлемінде ауысып отырады. Соған сәйкес, тақырыптары да өзгереді. Орыс арктикасы» жобалары аясында бірегей жобамызды ұсынып отырмыз. Ол -атомдық мұзжарғыш «Лидер». Қалыңдығы 4 метрге дейін жететін мұзды оңай жарып, солтүстік теңіз жолында жүк тасымалдау уақытын азайтады»,- деді Ресей павильонының байланыс және маркетинг бойынша директоры, Юлия ОСТРОУХОВА.

Азамат, қателеспесем, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Атом энергиясы әлемін» аралапты. Ал «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов әлемдік шараға жұмсалған қаржыны айтқан көрінеді. Толығырақ тарқатсаң.

Иә, Әнуар. Бақытжан Сағынтаев «Қазатомпром» Ұлттық Атом компаниясы павильонын аралады. Онда қазір қол жеткізілген атом саласындағы жетістіктер назарға ұсынылған. Аралау барысында үкімет басшысы «Росатом» корпорациясының бас директорымен кездесу өткізіп, бейбіт жолда атомды қолдану барысын талқылады. Екінші сұрағыңа жауап берейін, Әнуар. Халықаралық мамандандырылған көрме басшысы Ахметжан Есімов ЭКСПО-ны өткізуге қанша қаражат жұмсалғанын айтты. Осы уақытқа дейін, 400 миллиардтан астам қаражат жұмсалыпты. Оған құрылыс,  іс-шараның барлығы кіреді. Көрме аумағына кіру билет арқылы жүзеге асады. Оның бағасы 4 мың мен 8 мың теңгенің аралығында. Сөзімді қорытыдылай келе, елорда төрінде өтіп жатқан әлемдік шараны Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық. Сол себепті, сіздерді де думанды дүрмектің куәгері болуға шақырамын. Әнуар, сөз тізгіні өзіңде.

Рахмет. Астанадан тікелей байланысқа қосылған әріптесім Азамат Әуезхан болатын.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ЭКСПО-2017
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир