Қалың жұртшылық журналист Бендицкийді ақтық сапарға шығарып салды

07.12.2017 в 22:32

Қалың жұртшылық журналист Геннадий Бендицкийді ақтық сапарға шығарып салды. Алматыда өткен қоштасу рәсіміне қаламгердің туыстары, достары және әріптестері келді. Әріптестері мен замандастары, қоғам қайраткерлері марқұмның журналистік зерттеу жанрына қосқан үлесі ұшан-теңіз екенін ескеріп, "Бендицкий" атындағы сыйлықтың иегерлерін анықтайтын жобаны іске асыру  қажет  екенін айтады.

«Менің ойымша «Геннадий Бендицкий» атындағы республикалық тәуелсіз журналистік премия дүниеге келу керек сияқты. Мақсаты- жас журналистерді, қаламын енді ұштап келе жатқан журналистерге мұрындық болатын, мамандығына деген құлшынысын арттыратын дүние керек шығар. Екіншіден, шынайы журналистік зерттеу деген жанрға сай дүниелерді ішінен талдап, анықтап тапсырып тұрса, Генннадийдың әруағы риза болатын шығар деп ойлаймын»,-деді Саясаттанушы, Айдос САРЫМ. 

Еске сала кетейік, журналист осыдан үш күн бұрын, өз туған күнінде, 47 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол «Караван», «Время» сынды басылымдарда кәсібилігін көрсетіп, қалың оқырманның сенімін баурап алған еді. Оған қоса, «Час Бендицкого" атты авторлық телебағдарламасын жүргізген болатын. Ал соңғы жылдары еңбек жолын ақпараттық интернет порталда жоба авторы әрі журналист болып жалғастырған еді.