Ерекше туылған балаларға арналған спартакиада ұйымдастырылмақ

Ерекше туылған балаларға арналған спартакиада ұйымдастырылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ерекше туылған балаларға арналып елімізде алғаш рет Спартакиада ұйымдастырылмақ. Жарыс төрт спорт түрі: шағын футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және қазақтың ұлттық ойыны - асық ату бойынша өтеді. Бұл туралы шара ұйымдастырушылары ақпарат өкілдерімен өткен кездесу барысында баяндады. Спартакиада дәстүрлі түрде өтіп жүрген «Жұлдызай» фестивалінің аясында қолға алынып отыр. Фестиваль 26 мамыр мен 1 маусым аралығына жоспарланған. Еліміздің 16 қаласында іріктеу турлары ұйымдастырылып, жарысқа 10 мен 18 жас аралығындағы балалар қабылданады. «Жұлдызай-2017» республикалық фестиваліне жас дарындарды іріктеу 6 номинация арқылы, вокал, ымдау, ән-би, қолөнер бойынша таңдалмақ. Шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың дарынын анықтап, жеке ерекшеліктерін дамыту және мүгедек балаларға деген қоғамның көзқарасын өзгерту. Шығармашылық сайысқа 300, ал спартакиадаға 400-ден аса бала қатысады деп жоспарланған.

«Бүкіл ерекше балалардың барлығын шақырамыз. ДЦП, даун сияқты немесе есту, көру қабілеті бұзылған балалар фестивальге қатыса алады. Шығармашылыққа қатыса алмаса, спартакиадаға қатыса алады. Бастарын қосып, біріктіру мақсатында осындай шара өтізіледі», - деді «Жұлдызай-2017» фестивалінің ұйымдастырушысы Алтынай ТӘҢІРБЕРГЕНОВА.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, былтыр фестивальге 7 мыңнан аса бала қатысуға ниет білдірген. Биыл оның саны 10 мыңға өсіпті. Қалалық әкімдіктен қолдау тапқан шараға бюджеттен 76 млн теңге, ал қайырымдылық қордан 80 млн теңге бөлініп отыр. Жеңімпаздарға қаржылай сый жасалып, құнды бұйымдар табысталады. Сондай-ақ бұл қаржылар, балалардың алдағы уақыттағы ем-домына да жұмсалмақ. Ал фестиваль мен спартакиада жүлдегерлері 1 маусым балалар күніне орай Алматыда гала-концертте марапатталатын болады.


Новости партнеров