Алматыда 27 қыркүйекте марафонға байланысты кейбір бағыттардың қозғалыс сызбасы өзгереді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

27 қыркүйекте Алматыда Almaty Marathon 2026 өтуіне байланысты қоғамдық көліктің қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Өзгерістер сағат 04:30-дан бастап күшіне еніп, спорттық іс-шара аяқталғанға дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өзгерістер марафон бағытына кіретін жол учаскелерінде автокөлік қозғалысының толық жабылуына байланысты енгізіледі. Шектеулер кезінде №2, 3, 4, 5, 5А, 5Б, 12, 18, 19, 21, 22, 25, 29, 29Р, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 38А, 44, 45, 48, 55, 56, 57, 59, 62, 63, 63А, 65, 66, 70, 72, 77, 79, 80, 81, 85, 86, 87, 90, 92, 95, 98, 99, 101, 103, 104, 106, 107, 109, 112, 113, 116, 118, 119, 120, 120А, 121, 123, 124, 127, 128, 130, 132, 135, 137, 140, 141, 145, 205, 209, 210, 211, 218 және 224 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгертіледі. Олар үшін уақытша айналып өту сызбалары қарастырылған.

Сонымен қатар, марафон аяқталғанға дейін №1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19 және 25 троллейбус бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Іс-шара аяқталып, шектеу алынып тасталғаннан кейін қоғамдық көлік қалыпты қозғалыс сызбасына қайта оралады.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан уақытша өзгерістерді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Оқи отырыңыз: Алматыда пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеуге бағытталған экологиялық акция өтті