Алматыда студент із-түзсіз жоғалып кетті. Бір аптадан бері хабарсыз кеткен жігіттің ұялы телефоны Шымкенттен анықталды. Бірақ, айфон құрылғысы GPS арқылы оңтүстік өңірге барғаны белгілі болғанмен, студентте, оның телефоны да табылған жоқ. Ал Арманның анасының айтуынша, оның қалтасында 120 мың теңге болған. Қомақты қаржыға көзі түскен қаскөйлер ұлын ұстап отыруы мүмкін. Жоғалғанына 6 күн болған азаматтың қалай іздестіріліп жатқаны келесі бейнематериалда.
22 жастағы Арман осы айдың 2-сі күні дипломдық жұмысын қорғауы тиіс болған. Бұған дейін мемлекеттік емтихандарды жақсы бағаға тапсырған студентті соңғы рет әпекесі көрген. Екеуі Түрксіб аудандық ХҚКО екі айырылыпты. Оқу орнына бет алған студент сол қалпы хабарсыз.
«Грантқа түсті КАЗГУ-ге. Гиеодизия факультетіне. Биыл міне төртінші курсты бітіретін кезінде осылай жоқ болып кетіп отыр. Госты өте жақсы тапсырған, 90 балл алған. Үйдің үшінші баласы, алдында екі әпкесі бар»,- деді Арманның әкесі, Нұржан САҒЫМБЕКОВ.
Жалғыз ұлын жоқтаған ата-ана полицейлерден бір қайыр, көмек болар ма деген үміттерін үзер емес. Бір апта бұрын Талдықорғаннан Алматыға келген Арманның анасы ұлдарының қалтасына жүз жиырма мыңнан астам ақша салып берген. Грантта оқып, туған әпкесімен бірге тұрған ұлдарының дінге, құмар ойынға әуестігі жоқ болатын дейді жылаған ана.
«Арман ұлым, егер сен мені осы хабар арқылы көрсең, қандай жағдайда болсаңда, басыңа қандай іс түсседе біз сені күтеміз. Өзің хабарласа алмасаң кім арқылы болсаңда, достарың арқылы бізге жеткіз. Біз саған көмектесеміз балам»,- деді Арманның анасы, Салтанат ӘБІЛМӘЖІНОВА.
Ал Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері Арман аман табылып қалар деп отыр. Айтуларынша, оның ұялы телефоны қазір өшірулі болсада Шымкентте екені анықталған. Әрі ол жоғалған күні Сайран автовокзалында Арманның телефонына басқа номер салынғаны GPS арқылы анықталған. Одан бөлек студенттің вконтакті желісіне ара-тұра кіріп тұрғаныда бақылауда.
Қазір қалалық ішкі істер департаментінің 40-тан астам қызметкері студентті табуға түбегейлі кіріскен. Әрі оңтүстікке де арнайы топ аттанбақ. Одан бөлек Арманның достары мен университеттегі группаластары іздеу салып, әр қалтарысты қарап жүр. Ал бақсыға барған ананың айтуынша Арманды қаскөйлер күштеп аштан ұстап отыр.
Әмірболат Құсайынұлы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы