Алматыда 50-ге жуық жерасты өткелі күрделі жөндеуден өтеді

21.03.2018 в 14:37

Алматыдағы жерасты өткелдерін жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 303 миллионнан астам теңге бөлінді. Бұл қаржыға қаладағы 43 жерасты өткелін күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ Алатау ауданындағы 5 өткелге жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл жұмыстар үшін қосымша 56 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Өткелдердің барлығы бірыңғай үлгіде жасалмақ. Ал жерасты жолының нақты қалай түрленетіні жобалық-сметалық құжаттама дайын болған соң шешіледі. Айта кетсек, жерасты өткелдері жөндеу кезінде уақытша жабылады. Жұмыстар шілде айының ортасына дейін аяқталады деп күтілуде.

«Жерасты өткелдері жүргіншілердің  жолдан қауіпсіз өтуі үшін салынған. Сондықтан ондағы сауда орындарын жойып жатырмыз. Қазір жерасты өткелдерінде сауда жасайтындарға сауда орталықтары мен қала базарларынан орындар жеңілдікпен беріледі», - деді Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің маманы Ерден ТҰРЫСБЕКОВ.