Еліміздің төрт облысында жақын күндері дауыл тұруы мүмкін. Нақтырақ айтқанда, бүгін және ертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын болып, соңы қарға ұласады деп күтілуде. Дәл сол күндері оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батыспен ауысып, секундына 15-20 метрге дейін үдемек. Сәрсенбі күні Қостанай облысындағы циклон Павлодар облысына ауысып, оның салдары Алматыға да әсер етуі мүмкін. Нәтижесінде аздаған жауын болуы да ықтимал.
«Алматыда күндіз сынап бағанасы 19,21 жылы, ал түнде ауа температурасы 9 градусты көрсетеді. Ал сәрсенбі күні аздаған жауын-шашын болуы мүмкін. Нәтижесінде, бейсенбі, жұма күндері күн райы салқындайды. Бірақ күндіз +10, +15 градусқа жылы болады. Ал сенбі, жексенбі күндері ауа температурасы қайта плюс 17-ге дейін көтерілуі мүмкін», - деді «Қазгидромет» РМК Алматы бөлімшесінің метеорологиялық болжау бөлімінің басшысы Светлана АМАНҚҰЛОВА.