|
08.01.2018 | 09:10
4377

Алматыда 11 көлікті қолды қылған қарақшылар қолға түсті

Алматыда 11 көлікті қолды қылған қарақшылар қолға түсті

Алматыда 11 көлікті қолды қылған қарақшыларға қатысты сот отырысы басталды. Қылмыстық топ өткен жылы мамыр айынан бастап тамызға дейін, қаладағы қымбат көліктерді ұрлаған. Күдіктілер дабылқаққышты сканерлеу арқылы көліктердің есігін оп-оңай ашып жүріпті.

Назира Көмекбаеваның қымбат көлігін үйінің ауласынан ұрлап кеткен. Темір тұлпардың дабылқаққышын істен шығарған қарақшылар, құны қымбат көлікті  оп-оңай айдап кеткен. Ұрылар мініп кеткен Назираның көлігі бейнебақылау камерасына да түсіп қалған.

«Есік алдында тұрған машинаны ұрлап кетті. Ұрылар сән салонының бейнекамерасына түсіп қалған. Бұл жазбаны біз тергеушілерге бердік. Сосын ол дело қарастырылған жоқ. Ұзағынан кетті. Сосын 3-4 күннен кейін Қордайдан көліктің құжаттары табылды. Оны алып келген жігіт те бар. Ол дело да қалды жайында. Қазір 4 адам отыр. Соның ішіндегі екі адамды мен өз көзіммен есік алдынан көргенмін», - деді жәбірленуші Назира КӨМЕКБАЕВА.   

Күдіктілер алғашында ұраланған көліктерді мойындаған. Кейін белгісіз себептермен райларынан қайтып, 11 темір тұлпардың төртеуін ғана ұрладық деп отыр. Көбіне Әуезов ауданынындағы қымбат машиналарды  қолды қылып келген. Ұрылар  сұраусыз алған олжаларын  сатып жатқан жерінде сақшыларға ұсталған.         

«Ұсталған кезде бұлар көп машинаны мойындаған. Менің машинамды, көршімнің машинасын. Тағыда 1-2 жігіттің машинасын. Мына жерден алдым деп мойындап алған. Бірақ, мойындағанмен енді тура қазір сотқа келген кезде 4-ақ машинаны мойындаймыз деп ешқайсысын мойындамай отыр», - деді жәбірленуші Майра МҰСТАФИНА.

Сот алдына 23-пен 34 жас аралығындағы 5 күдікті келді. Олардың біреуі бұған дейін де осы кәсіпті нәсіп еткені үшін жазаланып шыққан екен.

«ҚР қылмыстық кодексінің 188-ші бабының 4-ші бөлігі 3-ші тармағымен айыпталған 4 адам ісі Әуезов ауданының сотында қарауды қалтырылсын», - деді Алматы қаласы Әуезов ауданы №2 аудандық сотының судьясы Ерхан ТОТЫБАЙ.    

Ұрланған машиналардың тек төртеуі ғана кері қайтқан. Құны қымбат көліктерді көрсетпей алып кететін күдіктілердің заңсыз әрекеттерін әшкере ету отырысы алдағы аптада жалғаспақ. 

Өмір Әнуарбек, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир