Сапасыз тауар: Алматылық кәсіпкерлер өнімнің бұзылып кетуіне мемлекет қызметкерлерін кінәлап отыр

27.06.2018 16:42

Алматылық кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметшілердің жұмысына көңілдері толмайды. Олар қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық агроөнеркәсіп кешені үстінен шағым түсірген. Іскерлердің сөзінше, аталған орган карантиндік сертификат пен ветеринарлы анықтама алу мерзімін созып жібереді. Соның салдарынан өнім бұзылып кетеді,-дейді кәсіпкерлер.

«Егер біз Кеденді қарасақ, ол жақта сырттан келетін өнімдерге алған сертификатты бөліп, соның жаңағы көшірмесімен жаңағы алған өнімді ары қарай сатуға болады. Алайда Қазақстанның ішінде ондай құқық қарастырылмаған. Сол үшін мына алып сататын кәсіпкерлерге ол қиындық туындатады. Және де біз сол мәселені әдеп кеңесінде қарастыратын боламыз»,-деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айгүл БАЙХАНОВА.

Жиын соңында ауыл шаруашылығы министрлігіне карантиндік сертификат пен ветеринарлы анықтама алу тәртібін қайта қарастыру бойынша ұсыныс жолданбақ.