Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

27.07.2017 17:09

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, соқтығысқан қос көліктің бірі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің бірі ұршықша иіріліп, ішінде отырған екі қыз оқиға орнында мерт болыпты. Апатқа айыпты жүргізуші де жан тәсілім еткен. Ал, жарақат алған 23 жастағы екінші көліктің жүргізушісі ауруханаға жедел жеткізілді. Дәрігерлер науқастың жағдайы қалыпты дейді. Қазір оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

«Мен Ақбұлақтың басты жолымен жүріп келе жаттым. Менің алдымда Приора автокөлігі болды. Бағдаршам 13 секундты көрсетіп тұрған кезде ол өтіп кетті. Ал мен жеткенде 7 секунд қалған еді. Мен Рысқұлов көшесіне өтіп, солға бұрылдым сол сәтте қатты соққы болды. Есімді жиған кезде үстімнің барлығы қан екенің көрдім. Содан соң, адамның жерде жатқаның көзім шалды»,- деді Жүргізуші, Николай ГИРКИН.