Прокуратура қылмыстық істерді электронды түрде де қарастырмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Прокуратура енді қылмыстық істерді электронды түрде де қарастырады. Пилоттық жоба алғаш рет Алматыда қолға алынып, Түрксіб ауданында жүзеге асып жатыр. Мамандар бұл қадам қылмыстық істерді қарастыру мерзімін анағұрлым қысқартып, жұмысқа жеделдік қосады, дейді. Яғни, жәбірленушілердің арыз-шағымын қарарда көпе-кернеу болмайды.

«Қазір тергеу кезінде бас шарасын қамауға алу 2 айға дейін санкция беретін болса, қазіргі кезде біз осы мәселені 15-30 күнге дейін түсірдік, қылмыстық істер осы мерізімде сотқа жеткізіліп, сотта тез шешімін тауып отыр», - деді прокурор орынбасары Жарқынбек БАҚАШБАЕВ.

Сондай-ақ аса ауыр емес қылмыс бойынша тұтқынға алу 15-30 күн ішінде жүргізіледі. Оған қоса, айғақтары ашылмаған істер 15 күннің ішінде уақытша үзіледі және тоқтатылғаннан кейін есептен 3 пен 10 күн аралығында шешіледі.  Айта кетерлігі, Алматы еліміз бойынша қылмыстық іс саны көп қала болып саналады. Жыл басынан бері 18 мыңға жуық іс тергеуге келіп түсті. Ал сотқа 5 мың 700-ден астам іс жолданды. Ал әрбір тергеушіге  69 істі қарауға тура келеді.


Новости партнеров