Алматыда жақын күндері зілзала болмайды

09.12.2016 в 15:54

Алматыда жақын күндері зілзала болмайды. Сейсмология институтының мамандары осындай болжам жасап отыр. Ондағы комиссия апта сайын зерттеу жүргізіп, жер асты дүмпуінің қаупін анықтап отырады. Сондықтан, қала тұрғындарына алаңдауға негіз жоқ.               


«Біздің зертханада әр маман әр түрлі бағытта жұмыс істейді. Мәселен, мен сейсмологиялық болжам жасаумен шұғылданамын. Ал, өзге әріптесім - гидрохимиялық бағытта зерттеуін жүргізеді. Осының барлығы - табиғи апаттың болу қаупін анықтап, халықты дер кезінде ескертіп үлгеру  үшін жасалады»,- деді Алматы қаласы сейсмология институтының зертхана меңгерушісі, Алла САДЫҚОВА.


Институт мамандары алдағы ақпан айында бір жылға болжам жасауды жоспарлап отыр. Олар жинақтарын көпшілікке көрсетіп, зерттеудің қалай жүргізілетінін түсіндіруді ұйғарған.