Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кезекті арнайы операция. Тағы да ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды. Алматының Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 2 ер адамның қолына кісен таққан. Олар есірткі сатумен айналысты деп айыпталуда. Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тараған. Полицейлер бұл жайттың болғанын растап отыр.  Қос күдікті қазіргі уақытта тергеу изоляторына тоғытылған. Біреуі 28, екіншісі 26 жаста. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Операция жасау кезінде қомақты мөлшерде есірткі заты тәркіленді. Бұл есірткінің Алматыға қандай жолмен әкелінгені және қандай азаматтарға таратылуы керек екенін міндетті түрде анықтайтын боламыз»,- деді ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.


Новости партнеров