|
30.03.2017 | 09:59
7652

Алматылық киім фабрикалары өнімдерін экспортқа шығара бастады

Алматылық киім фабрикалары өнімдерін экспортқа шығара бастады

Алматылық киім фабрикалары өнімдерін экспортқа шығара бастады. Жеңіл өнеркәсіп саласында ұзақ жыл тек тендр арқылы арнайы киімдерді ғана тігіп келген компания бұдан былай тауарларын Еуропа елдеріне жөнелтпек. Қазірдің өзінде Мәскеуден тапсырыстар түсіп үлгерген. Сондай-ақ қала әкімдігінің өкілдері бетон шығаратын зауыттың жұмысымен де танысты.

20 жыл нарықта жұмыс істеген компания табысты бұған дейін негізінен арнайы киімдерді тендрмен тігу  арқылы  тауып келген еді. Тендрдің тапсырысы тоқтағанда жұмысшылардың тамағын табудың өзі мұң еді дейді фабриканың басшылары. Бизнесті қолдау бағдарламасы арқылы қалалық әкімдіктің қомақты қаржысына қол жеткізген компания қазір сәнді, жылы, әрі жеңіл күртешелерді тігіп жатыр. Еуропа елдерінің көрмесіне қатысқан фабриканың тауары бірден кәрі құрлық тұрғындарының көңілінен шыққан.

«Миланға апарған барлық заттарымызды саттық. Біз алғаш рет қатысып тұрсақта, тұтынушыларға ұнады. Тапсырыс алып, қазір дайындап жатырмыз. Мамық жүн салынған күртешелер біздің алғашқы өніміміз. Жалпы бұндай киімдер бұған дейін елге тек сырттан тасымалданып келген. Тауық жүні арқылы  минус 40 градус суыққа дейін шыдайтын сәнді, жеңіл күртешелерді тігуге бастыстың дизайнерлерін де жұмылдырдық», - деді фабриканың директоры Елена СВЕЧНИКОВА.

Қазір зауытта жүзден астам маман жұмыс істеп жатыр. Спортшылар халықаралық додаларға киіп шығатын спорттық  киімдерде осы фабрика мамандарының қолынан шыққан. Бүгінде Қазақстандың өнімдер Ресейдің Мәскеу, Владивосток сынды қалаларына жөнелтіліп жатыр. Фабрика экспортпен импортты алмастыруға күш салмақ. Тек тауық жүнінен басқа шикізаттың барлығы сырттан әкелінеді. Өнімін өсіруге қала әкімдігі субсидиямен ұзақ жылға қаржылай  көмек берген.

«Алматы қаласында 90 кәсіпорын  жол картасына енгізілген. 183 миллиард теңгені  құрайды  жалпы сомасы. Бүгін екі кәсіпорынның жобасы іске қосылса, жылдың соңына дейін тағы 23 жобаны ашу көзделіп отыр», - деді  Алматы қаласы кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары  Ғанибет ӘУБАКІРОВ.  

Субсидяимен қаржы алған компанияның бірі бетон шығаратын зауыт 148 миллион теңгені он пайызға 18 айға алған. Қаржылық қолдау көрген компанияға экология қатысты маңайдағы мекемелерден шағым көп түскен. Енді, бұл мәселе жөнге келді дейді басшылық.

«Дәл қазір вагонна цеметті түсіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Байқағаныңыздай,  ауаға ұшып жатқан шаң тозаң жоқ. Австрияның техникасын  әкелдік. Зауыттың көп жерлерін жаңаладық. Жаңа техника алдық. Жұмыс, тапсырыс енді басталып жатыр», - деді зауыт директоры Вячеслав БОНДАРЕВ.  

Елдің әр облысынан әкелген цементті мөшектеп сататын және құрылыс компанияларына бетон жеткізетін мекеме басшысы қаржылық қолдау дағдарыстан шығуға көмек болғанын айтты. Егер екінші деңгейлі банктерден тікелей несие алсақ, пайыздық мөлшер кемінде 20 пайыз болар еді дейді.  Бір кездері тәулігіне 3 мың текше метр бетон шығарып тұрған зауыт қазір күніне 1мың текше метр цементті қаладағы құрылыс нысандарына жеткізіп жатыр.

Әмірболат Құсайынұлы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир