Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктері «Ұлттық сәйкестікті сақтау» тақырыбында жиын өткізді. Кездесуде бүкіл Қазақстандықтарға ортақ мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеудің аса қажет екені айтылды. Ассамблеялықтар Елбасы жолдауын да талқыға салды. Айта кетейік, Шара, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.