Астана мен Ақтөбе облысының полицейлері енді айыппұлды планшет арқылы толтырады. Өйткені, дәл осы өңірлерде хаттаманы электрондық түрде толтыруға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Енді тәртіп сақшылары қолдарындағы планшетке жол ережесін бұзған жүргізушінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсе жеткілікті, қалған ақпаратты жаңа жүйе өзі-ақ шығарып береді. Сондай-ақ, планшеттерге айыппұлды бірден төлеуге мүмкіндік беретін ПОС-терминалдар қосылады. Технологиялық құрамда құжаттарды шығаратын принтер де бар. Тың жобаның мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы сөйлесу үшін біз студиямызға Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бөлім прокуроры Самат Мұсағұлов мырзаны шақырып отырмыз. Самат Болғанұлы, мырза, қайырлы кеш! Мұндай тәсіл полицейлер үшін әрі жүргізушілер үшін несімен тиімді?
Дәл қазір бізге бұл планшеттердің қалай жұмыс істейтінін көрсетіп бере аласызба? Ереже бұзушы адам электрондық хаттамаға қалай қол қояды
- Ішкі Істер Министрі Қалмұхамбет Қасымовтың сөзінше, жобаны еліміз бойынша жүзеге асыру үшін 800 млн теңгеге 2000-нан астам планшет сатып алу қажет екен. Егер бұл сомманы бөлер болсақ, бір гаджеттің құны 300 мың теңгеге жететін көрінеді. Сіздің ойыңызша, планшеттің құны тым қымбат емес пе?
Самат Болғанұлы, уақыт бөліп студиямызға келіп жаңа жобаны түсіндіріп бергеніңізге көп рахмет! Естеріңізге сала кетсек, полицейлерге арналған жаңа планшеттер туралы бізге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бөлім прокуроры Самат Мұсағұлов айтып берді.