Экспоға келетін миллионыншы адам анықталады

11.07.2017 в 16:22

Экспоға келетін миллионыншы адам анықталады. Оған арнайы сый-сияпатта дайындалады.Бұл көрме ұйымдастырушылары өткізген жиын барысында белгілі болды. Экспо қызметкерлерінің сөзіне сенсек, арнайы билет арқылы көрмеге келген адам саны бір миллионға жуықтаған. Халықаралақық павильондарды 5 миллионнан астам адам тамашалапты.«Нұр - Әлем» кешеніне 300 000 астам кірген.

«Экспо» көрмесіне деген халықтың қызуғышылығы арта түсті. Бір айдың ішінде алыс-жақын аймақтан келген адам саны 900 000 асыпты. Дәл ертең ұйымдастырушылар ерекше миллионыншы жеңімпазды анықтамақ.Ол сатып алынған билет арқылы жүзеге асады. Әрі, арнайы сый-сияпатта тарту етіледі.

«Көрмеге милионыншы кіруші келеді деп жоспарлап отырмыз.Аталған уақыт ішінде көрмеге 160 000 астам жеңілдетілген тарифпен адамдар кірді.Олар негізінен 6 жасқа дейін балалар, мектеп оқушылары, сутденттер, зейнеткерлер және мүгедектер»,- деді "ЭКСПО-2017" АҚ ҰК атқарушы директоры, Бейбіт ҚАРЫМСАКОВ.

Сандарды сөйлетсек, осы уақыт аралығында халықаралық көрмелерді қарапайым ел азаматымен бірге  шетелдік турист, еріктілерді қосқанда  5 миллионнан астам адам тамашалап үлгерген. Оның ішінде «Нұр-Әлем» кешенін көрген адам саны 300 000 асыпты. Бір ай ішінде 23 мемлекет басшысы мен үкімет өкілдері келіп, мыңнан астам мәдени іс-шара өткізілген. Жақын күндері халықаралық көрме бюросының қазылар алқасы арнайы келіпті. Олар өз тарапынан еліміздегі атаулы шараға бағасын бермек.

«Сіздердің назарларыңызға айта кетер жәйт, халықаралық бюро мүшелері арнайы мамандарды жіберді. Олар Экспо 2017 көрмесінің өтуіне өзіндік бағаларын беретін болады.Талап түрлері әр түрлі. Ең үздік павильондарға ерекше сыйлықтар табыс етілетін болады»,- деді "ЭКСПО-2017" АҚ ҰК Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаментінің директоры, Илья УРАЗАКОВ.

Ең жоғары сұранысқа ие кешендерге тоқталар болсақ, ол  Ресей, Өзбекстан, Германия, Қытай  және Африканың Плаза павильоны екен. Демек, Ресей кешенін 35 мыңнан астам, Германия павильонын  19000, аспан асты елі көрмесіне 11000 астам келген. Сонымен қатар, бүгінгі таңда 21 әуе компаниясы 28 бағыт бойынша қызмет көрсетіп келеді. Визасыз режим шеңберінде 70 мемлекет елімізге емін - еркін кіре алады. Қауіпсіздік шарасы да жоғары деңгейде дейді жауаптылар.

«Бүгінгі таңда 2000 жуық арнайы құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс атқаруда.Оның ішінде полиция, қорғаныс министрлігі, жеке күзет компанияларының жұмысшылары тәртіп сақтап келеді. Осы уақытқа дейін 670 түрлі оқыс жәйттар орын алды.Оның ішінде жасөспірімдерді жоғалтып алған жағдайлар 90 пайызды құрайды. Кейде, ұялы телефон ұрланған жағдайларда болды. Бірақ, дер кезінде табылып отырды»,- деді "ЭКСПО-2017" АҚ ҰК қауіпсіздік департаментінің директоры, Рустем ЧАКЕНОВ.

Экспо қалашығында 1300 жуық пәтер қатысушы мемлекеттердің қолданысына берілген. Туристердің саны да артыпты. Қонақүйлер бүгіндері 60 пайызға толған. Шілде айы да маусымнан кем түспейді. Осы уақыт аралығында маңызды саяси іс шаралар қолға алынып, аты аңызға айналған диджейлер өнер көрсетеді.

Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «Алматы» арнасы Астанадан