Астанада Еуразия кеңістігінде форум өтіп жатыр

Астанада Еуразия кеңістігінде форум өтіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Еуразия кеңістігінде теңдесі жоқ форум өтіп жатыр. Шара әлемдік көшбасшылар, халықаралық сарапшылар, ғалымдар мен саяси, қоғам қайраткерлері және түрлі қаржы институттарының басын қосты. Форум аясында 20 панельдік сессия өткізіледі. Биылғы талқыланатын басты тақырып - «Жаңа энергия - Жаңа экономика». Өткен уақыт аралығында Астана экономикалық форумына 150 елден 43 мыңнан астам делегат қатысқан. Астана экономика форумы жыл сайын әлемнің 80 елінен 5000-нан аса делегат жинайды. Жалпы көлемі 17,8 млрд. доллардан астам қаражат болатын 280 меморандум мен келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, форум аясында Еуразиялық іскерлік конгресі және Нобель сыйлығы лауреаттарының Астаналық клубы құрылды. 

«Сонымен қатар, Астана экономикалық форумының жоспары бойынша Қазақстандағы ең ірі компаниялар жекешелендірілмек. Осылайша елдегі 800 кәсіпорын жеке қолға өтеді. Сондай-ақ, 6 компанияның да тағдыры дәл осы форумда шешіледі деп отыр. Жаппай жекешелендіру үш кезеңге бөлінеді. Бірінші толқында  «Эйр Астана» мен «КазАтомПром», екінші кезекте «Самрұқ-Энерго» мен «ҚазМұнайГаз», ал үшінші толқында «Қазпочта» және «ҚТЖ» жекеменшікке берілмек»,- деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы, Қайрат КЕЛІМБЕТОВ.


Новости партнеров