Астаналықтарды әлеуметтік желі арқылы тонаушылардың саны артуда

11.04.2017 14:24

Астана құзырлылары ғаламтор арбауымен айналысатын алаяқтар санынының артуына алаңдаулы. Өткен жылы Астана қаласының бір ғана Сарыарқа ауданында 1100 арыз тіркелген. Ал, жыл басынан бері дәл осы факт бойынша  200 адам  зардап шегіпті. Басым бөлігі қарапайым  көлік сатып алу, болмаса жиһазға тапсырыс беру барысында  арамзаларға жем болған. Әлеуметтік індетке айналған осы жағдаймен күресу жолдары жайын Астаналық әріптесім Назым Мәлікқызы тарқатады.¤

Астанадағы жоғары оқу орнының бірінде білім алатын  Арманның темір тұлпар тізгіндеймін деген ниеті арманға айналды. Оқуға уақытында барып тұру үшін көлік алғысы келген.   Дәл осы оймен ер жігіт ғаламтордағы сайттар арқылы өзіне керек тұлпарды іздей бастапты. Қалта жұқа болғандықтан таңдауда көп емес еді. Дегенмен, әдемі сурет пен жағдайы жақсы көлікті Арманның көзі шалады. Ұзаққа  бармай жігіт  сатушымен байланысқа шығып, айтқанының бәрін бұлжытпай орындайды. Нәтижесінде не ақша, не ойдағы көлік жоқ.

«Мен сайтта отырған едім.Сосын машина Тойота Камри 2011 жылғы 2,5 млн теңгеге. Бірақ бұл машина Ресейде деп айтты. Сосын мен онымен келістім. Ол маған осы Астанаға алып келу керек еді. Ол Киви кошелекқа 500 000 теңге салып жібер деді. Сосын мен ойланып салып жібердім»,- деді З¤ардап шегуші.

Аңдаусызда сұрқиялардың қармағына ілінген Арман күні бүгінге дейін әділеттік іздеп, құзырлы орындардың табалдырығын тоздырып жүр. Бірақ еш нәтижесіз. Себебі, іліп алар ақпар жоқ дейді құқық қорғаушылар.  Дәл осындай жағдайға түскендер саны аз емес. 

«Осы ғаламтор арқылы  жасалған қылмыстар, қылмыстың  3/2 бөлігін құрап отыр. Қазіргі таңда,  ғаламтор бойынша, қылмыскерлер өзінде жоқ немесе басқа жерден фото сурет  салып, ғаламторға хабарландыру береді. Яғни, автокөліктерді , киім кешектерді, дәрі дәрмектерді арзан бағаға сатымын деп өзіне мұқтаж жасайды»,- деді «Сарыарқа» прокуратурасының бөлім прокуроры, Дамир ҒАЛЫМҰЛЫ.  

Абайсызда алаяқтардың құрбаны болатындар саны бір ғана Сарыарқа ауданы бойынша, өткен жылы 1100 адамды құраған.Биыл жыл басынан бері 200 жуықтаған. Дегенмен қылмыстық істің 70 жуығы толыққанды ашылған. Бірақ, құзырлылар дегенменде  әлеуметтік желі  арқылы зардап шегетіндерге көмектесуге қауқарсызбыз деп отыр.

Осыған орай ,Астана қаласының ішкі істер департаменті, прокуратурамен біріге халыққа ескерту жасау жұмыстарын қолға алған. Тіпті, арнайы парақшалар дайындап, әр үйдің іргесіне іле бастаған.

«Азаматтарға айтатынымыз көбінесе ұтылып жатады.Ескерту ретінде бір тауарды немесе интернет арқылы қызмет көрсетеміз, тауар әкеліп жеткізіп береміз  деп алдын-ала сұраған адамдарға күмәнмен қарау керек»,- деді ІІД ресми өкілі, София ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Қылмыскерлердің арамза әрекеті тек бір бағытта ғана емес, уақыт өте қулыққа көшкендер бүгінгі таңда несиелеуді де қолға алыпты. Ақпар бойынша, алданғандардың басым бөлігі 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар. Жыл басынан бері  Астана қаласы бойынша 500 жуық алаяқтық іс әркетке қатысты қылмыстық іс тіркелсе , оның 2-3 пайызы ғаламтор арқылы жүзеге асады екен.

Назым Мәлікқызы, Бауыржан Қожақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан