Астанада суық судың бағасы екі есеге өсті

30.03.2018 15:23

Астанада суық судың бағасы екі есеге өсті. Осы айдан бастап елорда тұрғындары адам басына 800 теңге емес, 1500 теңге төлейтін болады. Бірақ бұл соманы өлшеу құрылғысы жоқ жекеменшік секторда тұратындар шығаратын болады. Су арнасының мамандары  Астанада суға есептеуіш құрал орнатпаған  15 мың абонент бар, дейді. Осылайша коммуналды қызмет өкілдері шығынды есептейтін құрылғысыздарды тәртіпке салмақ.

«Бұдан бұрын тұрғындар 800 теңге төлесе, енді жаңа ереже бойынша  бір адамға 1500 теңге төлейді. Жаңа ереже көбінесе Астанадағы Шұбары, Энергетик, Қараөткел мен Оңтүстік- Шығыс аудандарының тұрғындарына қатысты. Көп қабатты үйде тұратындарға бұл жаңа тарифтың мүлдем қатысы жоқ», - деді «Астана су арнасы» МКК бөлім басшысы Күмісжан БЕКТАСОВА.