Жолақы 200 теңгеге дейін көтеріле ме? Исекешев жауап берді

Жолақы 200 теңгеге дейін көтеріле ме? Исекешев жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана әкімі Әсет Исекешев соңғы кездері қоғамда қызу талқыланып жатқан жолақыны 200 теңгеге дейін көтеру мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бірден айтайын, бұл жалған ақпарат, контекстен үзіп алынған. Көптеген бағдарлама бойынша мәслихаттарда, қоғамдық кеңестерде талқылау жүріп жатқаны түсінікті. Сол себепті БАҚ өкілдерінен әлеуметтік жауапкершілік танытып, контекстен үзіп алмауды, айтылған ойды толық жеткізуді өтінемін", — деді қала басшысы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Исекешев қарқынды дамып жатқан мегаполис үшін қоғамдық көлік өте маңызды мәселе екенін атап өтті. Айтуынша, қазір әкімдік автопаркті жаңарту, сервисті жақсарту бағытында біраз тер төгіп жатыр.

"Сіздер білесіздер, қала тұрғындарынан қоғамдық көлікке қатысты көп шағым түседі. Біраз кемшілік бар. Сондықтан біз екі жыл бұрын бағдарлама бекітіп, автопаркті жаңартып жатырмыз. Сервисті жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазір қабылданған бағдарламалар өз жемісін беріп жатыр. Мәселелердің бірі –  қаржылық модель. Шынымен 2014 жылдан бері бізде қоғамдық көлік тарифі көтерілген жоқ. Содан бері екі девальвация өтті, жанармай бағасы өсті, инфляция, тағы басқалары бар. Бірақ тариф бірде-бір рет өзгерген жоқ. Біз қазір автопаркпен, көлік компанияларымен осы саланың экономикалық моделін талқылап жатырмыз. Әлемнің біраз елінде ол субсидияланады. Бірақ қалай және қаншаға екенін түсіну қажет. Сондықтан біз автопарктердің ұсыныстарын тыңдадық, бәрі объективті болу үшін банкирлерді де шақырдық"- деді Исекешев. 

Қала әкімі мәслихатта сөз қозғалған есеп айырысу тарифі – жолақының өзіндік құны екенін атап өтті. 

"Отырыста автопарктер 300 және 500 теңге ұсынды, бірақ біз ең төменгі бағаны – 200 теңгені алдық. Есеп айырысу тарифі жанармай сатып алуды, жүргізушілер мен кондукторлардың жалақысын төлеуді, жөндеу мен автопаркті жаңартуды қамтамасыз етуі тиіс. Біз жағдайды түсіну үшін алдымен 200 теңгені бекіттік", — деді ол.

  Исекешев алдымен бұл қоғамдық кеңесте, сарапшылар кеңесінде, мәслихатта, кейін әкімдікте талқыланатынын, тек содан кейін барып шешім қабылданатынын атап өтті.

"Алайда жалған ақпарат тарап кеткендіктен, мен мынаны алдын ала айтқым келеді: біз биыл жолақыны көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Төлем картасы бойынша қала тұрғындары сол баяғыдай 90 теңге төлейді. Бірақ біз сараланған тарифті енгіземіз, ол 180 теңге шамасында болады. Яғни, картамен төлем жасағысы келмейтіндер қолма-қол ақшамен 180 теңге төлейтін болады. Менің ойымша, кез келген адамға төлем картасын сатып алып, сол арқылы есеп айырысқан жақсы. Біз қазір төлем офистерін кеңейту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Осының бәрі енгізілгенде, шамамен шілденің ортасына қарай, әр тұрғын карта сатып алып, 90 теңгемен жүре алады", — деді әкім.

Исекешев төлем картасымен жолақыны төлеу қоғамдық көлік саласына қанша ақша түсетінін көруге мүмкіндік береді деген сенімде


Новости партнеров