Астанада тергеу изоляторынан 36 жастағы ер адам қашып кетті. Бұл туралы Еліміздің Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қарағандылық азамат кеше түс кезінде Астанадағы тергеу изоляторынан шатыр арқылы секіріп, өтіп кеткен. Арғымбаев Ерасыл Қайыргелдіұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-тармағы, яғни, ұрлық, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол бұған дейін де ұрлық пен тонау фактісі бойынша істі болыпты. Қазір қашқынды іздестіру шаралары жалғасуда.