Қайрат Қожамжаров еліміздің бас прокуроры болып тағайындалды

12.12.2017 21:31

Елбасының ұсынысымен Қайрат Қожамжаров еліміздің бас прокуроры болды. Ол, бұған дейін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған. Ал, 2016 жылдың 26 сәуірінде тағайындалған бұрынғы бас прокурор Жақып Асанов енді жоғарғы сотты басқарады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болған Алик Шпекбаев осы ведомствоның төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар, елбасы Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Роговты зейнеткерлікке шығуына орай қызметінен босатып, орнына Қайрат Мәмиді тағайындады. Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы аталған шенділердің кандидатураларын сенат депутаттарының қабылдауына ұсынған болатын.  Сенат депутаттары ашық дауыс арқылы Қайрат Мәмидің қызметтен босатылуы, сондай-ақ Жақып Асановтың жоғарғы сот төрағасы қызметіне тағайындалуы туралы қаулыны қабылдады және бас прокурор қызметіне Қайрат  Қожамжаровтың кандидатурасын мақұлдады.