Астанада дәстүрлі денсаулық марафоны өтті

Астанада дәстүрлі денсаулық марафоны өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада «Салауаттылық әдеттер марафоны» дәстүрлі түрде өтті. «Денсаулық кепілі» ұранымен өткен  шараға келген елордалықтар манекенді қолданып, жүрек-өкпені реанимациялау кезінде шұғыл көмек көрсету дағдысына үйренді.

Денсаулығына алаңдаушылар тегін түрде онколог, кардиолог, эндокринолог, педиатр мамандарына қаралды. Келушілерге тұздан бас тарту, тәулігіне екі литр су ішу мен күнделікті он мың қадам жүру сияқты қажетті кеңес айтылды. Қатысушылар марафон біткеннен кейін де, салауатты өмір салтын ұстанып, зиян тағамдар мен сусындардан бас тартуға бірауыздан келісті.

«Бұл өте маңызды шара. Осындай марафонға келген адамдар көп нәрсені үйренеді, біледі. Мысалы, шұғыл түрде адам жүрек қағысын қалпына келтіру туралы ақпаратты бүгін келгендер аса қызық көрді. Манекенге түсінгендерін жасады. Көбісі жақсы нәтиже көрсетті. Қуантатыны да сол», – деді «Астана» оқу-клиникалық орталығының бас директоры Райхан МУСИНА.

Новости партнеров