Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдер мемлекетке қауіп төнген жағдайда бір-бірімен ақпарат алмаса алады. Астанаға жиналған ұйымның өкілдері - ұлтаралық шиеленіс туа қалған жағдайда, қақтығыс пен көтеріліс ошақтарын реттеудің жолдары туралы пікір алмасты. Қауіпсіздік кеңес хатшыларының сөзінше, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы және Қазақстан елдерінің күш құрылымдары қажет болған жағдайда халықаралық терроризмге, заңсыз есірткі айналымы, заңсыз миграцияға қарсы бірлесе күреседі. Осыдан екі күн бұрын Ұжымға мүше елдердің қарулы күш құрамдарының арнайы жасақтары өздерінің дайындықтарын сынаған еді. Жалпы ұжым құрылғаннан осымен үшінші рет кең ауқымда оқу-жаттығу өтті.
«Қауіпсіздік кеңес отырысының қорытындысына келсек, 11 құжатқа қол қойылды. Олардың арасында - Ұйымға мүше елдер арасында қауіпсіздік жайында ақпарат алмасу жайы оңтайландырылған жайлы ерекше атап өткен жөн. Тағы бір айтатын жайт, енді 5 ел әскери қарым-қатынасты одан да артық нығайты, алдаға уақытта әскерилерін бірге дайындауға келісті»,-деді ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Юрий ХАЧАТУРОВ.