Астанада сот орындаушылары төрт балалы әйелден үйді босатуды талап етуде

Астанада сот орындаушылары төрт балалы әйелден үйді босатуды талап етуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада пәтер дауы бітер емес. Есте болса, Астанада Әділет департаментінің сот орындаушылары кәмелет жасқа толмаған балалары бар әйелге үйді босатуын талап еткен еді. 62 жастағы Зейнеп Шакирганова патронатты отбасының отанасы. Оның тәрбиесінде 4 бала бар. Заң өкілдері сот шешімін орындауға келген еді. Бірақ қолдарынан келмеді.

15 жастағы Григорий Комаров бірнеше жылдан бері өзіне тиесілі заңды үйіне қол жеткізе алмай жүр. Пәтер оған ата-анасы дүниеден озғаннан кейін мұра болып қалыпты. Дегенмен сот адамдары бұл мәселені әлі күнге дейін шеше алар емес.

«Біздің соттасып жүргенмізге 3-4 жыл болды. Оларды бұл үйден шығаруға қанша тырысқанымызбен, еш нәтиже берген жоқ», - деді пәтердің заңды иесі Григорий КОМАРОВ.

62 жастағы Зейнеп Шакирганованы сот орындаушылары 2014 жылдан бері өз еркімен пәтерден шығара алмай жүр. Ол сот шешіміне қарсы шығып, бірнеше рет шағымданыпты да. Құзырлыларға есігін ашқанымен, үйді босатудан үзілді кесілді бас тартты. Пәтерді заңды түрде сатып алыпты-мыс. Бірақ құжаттарын көре алмадық.

Ал шағымданущы тарапта қажетті құжаттардың барлығы бар. Елена Коморова пәтердің заңды иесінің қамқоршысы. Үйдің құжаттары мен сот шешімін қолдарында бар. Тек сот орындаушылары ешқандай әркет жасамай отыр дейді.

«Шын туайтына келгенде, оларда Әділет департаментінің үйді босату туралы шешімі бар. Оны маған департамент басшысы айтқан. Ендігі менің әрекетім Әділет министрлігінің орынбасарына барамын. Өткен жылы барғанымда, ол маған 2014 жылғы сот шешімінің орындалатынын айтқан болатын», - деді қала тұрғыны Елена КОМАРОВА.

Сот орындаушылары болса, заң жүзінде әрекет етіп отырғандарына сенімді. Бірақ әйелді пәтерден шығара алмай әлек.  

«Сот шешімінің орындалмау себебі, қамқоршы бөлімінен адамдар келмеді. Сол себепті азаматшаны үйден шығара алмадық», - деді мемлекеттік сот орындаушы Ердәулет БОЛЫСБЕК.


Новости партнеров