|
07.04.2017 | 10:17
1915

Астанадағы лифт шахтасында сантехник қаза тапты

Астанадағы лифт шахтасында сантехник қаза тапты

Астанадағы сауда орталықтарының бірінде қайғылы жағдай орын алды. 39 жастағы азаматтың үстіне жедел саты құлап қаза тапты. Біздің арна тілшілері  Айдос Байбатыров бейнебақылауға жазылған жазбаны көріп, құзырлы орындардан істің ақ-қарасын анықтауға тырысып бақты. Ақпар бойынша бүгінгі таңда тергеу амалдары қолға алынған.

Бұл 39 жастағы Айдос Байбатыровтың опат болар алдындағы соңғы көріністері. Түскі уақытта лифт шахтасын жиналған судан тазартпақ болған қызметкер барлық жұмысты жалғыз өзі атқарған.

«Ақпан айында сантехник ретінде жұмысқа қабылданған жұмысшы ешкімнің нұсқауынсыз түскі үзілістен кейін, өз бетінше жұмыс істей бастаған. Шахтаның астына түсу үшін ол  жүк лифтін жоғарғы қабатқа жібереді. Есікке іліп қойған қағазы бірер сәттен кейін жерге түседі.Сол кезде -ақ ол қамалғанын сезіп, сыртқа шығуға талпынғанын кадрдан байқауға болады.  Негізі тазалау жұмысын жүргізу қажет емес еді. Оның үстіне ол сынақ мерзімінде болды», - деді сауда орталығының заңгері Виктор ГЛИНЕНКО.

Айдос бұл жұмысқа ақпан айында кіргенімен, сынақ мерзімі әлі өтеп те үлгермеген. Сауда орталығының өкілдері оның жауапты, тиянақты қызметкер болғанын алға тартты. Дегенмен, техникалық қауіпсіздікті сақтамаған маманға ешкім тапсырма бермеген. Оның үстіне оқиға түскі үзіліс уақытында орын алған. Жан түршіктірер кадрларды көрген марқұмның туыстары да оның өліміне ешкімнің кінәлі емес екеніне көз жеткізген. Қазір сауда орталығының басшылығы Айдостың жақындарына жарты миллион теңге көлемінде көмек көрсетіп, көлікпен қамтамасыз етіпті.  Ал Астана қаласының Ішкі істер департаментінде қазір тергеу амалдары басталды. 

«Осы дерек бойынша қазіргі кезде Астана қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы факт ҚР Қылмыстық кодексінің 156, яғни еңбекті қорғау ережелерін бұзған деген дерекпен қозғалған», - деді Астана қаласы ІІД ресми өкілі София ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Қазір тиісті сот-мидициналық сараптама жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша қаза болған азаматтың алкогольдік ішімдік әсерінде болған болмағаны анықталатын болады. Ал марқұмды Астана іргесінде жерлейді.

Азамат Әуезхан, БауыржанҚажақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир