2018 жылға қарай елімізде жалпы ішкі өнім өсімі 3,1 пайыз көлемінде болмақ

2018 жылға қарай елімізде жалпы ішкі өнім өсімі 3,1 пайыз көлемінде болмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2018 жылға қарай елімізде жалпы ішкі өнім өсімі 3,1 пайыз көлемінде болмақ. Бұл Үкіметтің болжамы. Сонымен қатар, экономиканың жеке салаларында да өсім байқалуы мүмкін. Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық  даму барысына талдау жасалып, 2018-2020 жылдарға арналған республика бюджетінің жай-күйі сөз болды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, келер жылы жалпы ішкі өнім өсімі 3 пайыздан 2022 жылға қарай 4,2 пайыздан ары қарай өседі деп болжаған. Министрлер кабинетінде Үкімет басшысы бірнеше ведомостваға нақты тапсырмалар да берді.

Келер жылы жалпы ішкі өнім өсімі 3,1 пайыз, 2022 жылға қарай 4,2 пайыздан асып жығылуы бек мүмкін. Жұмыссыздық деңгейін де төмендету жоспарлануда. Ал экономиканың жеке салаларында өсім байқалады. Мұнай өндіру көлемі келер жылы 86 миллион тонна болса, 2022 жылға қарай 88 миллион тоннадан асып жығылады. Ал 2018 жылы қара алтын барреліне 45 доллар көлемінде болмақ. Айта кетейік, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның жалпы ішкі өнім өсімі 3,4 пайыз көлемінде сақталады деп күтілуде.

«Агроөнеркәсіп кешені», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын дамытуды жалғастыру, үшінші жаңғыртуды жүзеге асыру мақсатында бірнеше салаларда өсім байқалады. Қайта өңдеу саласында 4,2 пайызға, ауыл шаруашылығында 5,7 пайыз, құрылыс - 4 пайыз, көлік - 5,1 пайыз, сауда саласындағы даму көрсеткіші 3,5 пайызға артады деп болжап отырмыз», - деді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.

Қазақстан Республикасының Үкіметі туризм саласын дамытатын «Қазақ туризм» ұлттық компаниясын құру жұмысын тездету қажет. Арыстанбек Мұхамедиұлына премьер-министр осы саланы өркендетуге септігін тигізетін жоспар құрып, инвесторларды тартуды тапсырды. Ал вице-премьер Асқар Маминге Президенттің тапсырмасын орындау үшін «Шучинск- Бурабай» курорты аймағы форматын қайта құруды жүктеді.

Айта кетейік, жаңа ұлттық компания 19 шілдеде құрылған еді. «Қазақ туризм» еліміздің туристік әлеуетін шетелде танытумен айналысады. Ол осы саладағы ең ірі компания болмақ. Бұдан бөлек, Үкімет бір ай көлемінде жеке түзеу мекемелері құрылысындағы кедергілерді жою үшін шара қолдану қажеттігі айтылды. Ол үшін мемлекеттік жекеменшік әріптестік секторы тартылуы мүмкін.  

«Елбасы Үкімет алдына нақты тапсырмаларды қойды. Олардың бірі - жекеменшік абақтылардың құрылысына инвесторларды тарту мәселесі. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігіне бір апта ішінде осы мәселені шешуді тапсырамын», - деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Үкімет бір айдан кейін Елбасы алдында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп береді. Осыған дейін, өткен Үкімет отырысында премьер-министр білім ошақтары құрылысына күнделікті бақылау жасау керектігін және 1 желтоқсанға дейін индустриаландыру шеңберінде жұмысын бастаған кәсіпорындарды қайта жандандыруды міндеттеген болатын.


Новости партнеров