Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп жатыр

05.05.2017 15:35

Жеңіс мерекесіне санаулы күндер ғана қалды. Алматыда ұлы мейрам қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп жатыр. Мәселен, Жетісу ауданында майдангерлерге қымбат тұрмыстық техникалыр тарту етілсе, Медеу ауданында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қошеметке бөленген жауынгер қарттармен тілшілеріміз тілдесті.

Бұл Владимир Киченконың шаңырағы. Немістерді тізе бүктіріп, ұрпаққа жарқын болашақ сыйлаған батырларымыздың біріне Жетісу ауданы әкімдігі мен кәсіпкерлер тұрмыстық техника табыстады. Небәрі 18 жасында соғысқа аттанып, сұрапыл соғыстың суығы мен ыстығына шыдады. Сұрапыл соғыс жылдары талай рет оққа ұша жаздаған, бірнеше рет жараланып, елге аман оралған. 

«9 мамырда Ресейде Жеңіс күні тойланып жатқанда, біз ары қарай Прага орманында соғыстық. Талай адам жараланып, қаза тапқандары да болды. Мен Будапешт қаласында соғыса бастадым. Кейіннен Австрия және Венадағы шайқасқа қатыстым»,- деді Ұлы Отан соғысының ардагері, Владимир КИЧЕНКО. 

Аудан әкімдігі Виктор Карповқа да құрмет көрсетті. Сұрапыл соғыс жылдары ол пулеметші болған. 94 жастағы қария әлі де тың. Жалпы ауданда 32 майдангер бар. Олардың барлығына жергілікті билік тарапынан сый-құрмет көрсетілді.       

¤Мерейлі күн қарсаңында Медеу ауданының қарттары да марқайып қалды. Мектеп оқушылары оларға концерт қойып, соғыс әндерін орындап берді. Жауынгерлердің сол ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Ал, соғыста белуардан қан кешкен қарттар қашан да бағалы.   

«Барлықтарыңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын. Екінші дүниежүзілік соғыс Кеңес одағы мен Қазақстанға үлкен қайғы-қасірет әкелді. Сол фашистік зұлматқа қарсы тұра алған майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне қанша мадақ айтса да, артық емес»,- деді Ұлы Отан соғысының ардагері, Григорий МИХАЙЛОВ. 

Қазір Алматыда соғыс ардагері бар. Олардың барлығына қала басшылығы тарапынан мейрам қарсаңында түрлі тартулар жасалады.

Перизат Көмекбайқызы, «Алматы» телеарнасы