БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында ашық есік күні жарияланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалдарында ашық есік күні жарияланды. Еліміз бойынша мұндай бастама алғаш рет қолға алынып отыр. Бұл күні азаматтар жалпы қордың қызметі туралы, өздерінің салымдары мен зейнетақы жүйесінің құрылуы жөнінде толық ақпарат алды. Келген қонақтарға мамандар жан-жақты қызмет көрсетті.

«Салымшылар қорға келіп, мамандардан өздерін мазалаған кез келген сұрақтары бойынша кеңес ала алады. Қазір салымшылар тарапынан зейнетақы жинағына қатысты алаңдаушылық байқалмайды. Қазақстан бойынша ең ірі саналатын біздің бөлімге күніне 500 салымшы келіп, көмекке жүгінеді», - деді «БЖЗҚ» АҚ Алматы филиалының директоры Әлия СМАҒҰЛОВА.

Соңғы деректерге сүйенсек, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,75 трлн теңгені құраған. Ал салымшылар қатары 10 миллион адамға жеткен. Зейнетақы активтері бір жерге топтастырылғаннан кейін комиссиялық жарна деңгейі бұрынғыға қарағанда екі есеге азайған, әкімшілік шығыстар қысқартылған. Естеріңізде болса, қаңтар айында Нұрбибі Наурызбаева Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының төрайымы болып тағайындалған еді. Сол кезде жаңа басшы қор әділ жұмыс атқарады деп сендірген болатын. Ал ақпан айында құрамына БАҚ өкілдері, саясаттанушылар мен қаржы нарығының сарапшылары кірген қоғамдық кеңес құрылды.


Новости партнеров