Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарды Әкімшілік кодекске ауыстыру ұсынылды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарды Әкімшілік кодекске ауыстыру ұсынылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

11 млн теңге. Құқық қорғау қызметкерлерін тыңдамағандар осындай айыппұл төлеуі мүмкін. Мәжілісте құқық қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған заңнамаға осындай өзгерістер енгізу ұсынылды. Бірақ Төменгі палата өкілдері қалтаны жұқартатын мұндай өзгерістермен келіспеді. Депутаттар керісінше отбасылық зорлық-зомбылық көрсететіндерге салынатын айыппұл барлық отбасына салмақ түсіретінін айтып, жазаны ақшамен емес, қосымша жұмыстарға тарту арқылы өтетуге тиіспіз,- деді. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне антикоррупциялық қызметке қатысты істерді тергеуге құқық беру  ұсынылды. Яғни тексерістің сан түрлі ерекшелігіне байланысты қауіпсіздік комитеті істерді қарай береді.


«Ұлттық қауіпсіздік органдарына арнаулы мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері мен әскери қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істерді тергеу құқығын беру ұсынылып отыр. Аталған түзету олардың қызметтерінің ерекшелігімен сипатталуда», - деді ҚР бас прокурорының орынбасары  Иоган МЕРКЕЛЬ.


Отбасында жанжал көтеретін маскүнемдер темір тордың ар жағында бұрын 48 сағат отырса, енді 3 сағат отыруы мүмкін. Прокуратура  тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарды Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстыруды ұсынды.  Яғни ұрып соғылған адам өзінің құрбан болғандығын дәлелдеуі тиіс.  Былтыр соққыға жығу мен денсаулыққа ауыр емес зиян келтіру бойынша 718 адам сотталды, бұл 2014 жылға қарағанда 10 есеге аз.


Новости партнеров