Германия билігі үшінші жыныс түрін заңдастырды

16.08.2018 16:39

Германия үкіметіндегілер азаматтық хат актілерінде үшінші жыныстыны бекіткені туралы Германияның Федералды Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады Sn.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, енді елде әйелдер мен ер адамдардың жынысы ғана емес, сондай-ақ, интерсексуалды жыныс өкілдері болады. Осылайша Германия үкіметі өздерін екі жыныстың ешқайсысына жатқыза алмай жүрген адамдарға көмектесуді жоспарлап отыр.

Германия Конституциялық сотының өкілдері заңнаманы 2017 жылдың 10 қазанында дайындаған, алдағы уақытта заңнама бундестагта қарастырылады.

Сондай-ақ, үшінші жыныстың Аустралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Канада, Үндістан, Пәкістан және Непал елдерінде бар екені айтылады.