|
13.09.2018 | 13:33
4526

Мемлекеттік Елтаңбадағы жазба өзгертілді

 Мемлекеттік Елтаңбадағы жазба өзгертілді

Еліміз Елтаңбасының жаңартылған нұсқасында QAZAQSTAN сөзі қолданылады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2018 жылдың 12 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев пен мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Жиын нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық жағдайлар» заңына өзгертеулер енгізу туралы шешім мақұлданды.

«Осылайша, «Қазақстан» сөзі өзгертіліп, мәтін латын графикасында – «QAZAQSTAN» деп жазылатын болды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Еркема Мұхтар.

Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековтің Елтаңбаның тарихы мен құрылымы жайлы сипаттаған әдістемесіне сілтеме қойылды.

Айта кетейік, мұндай өзгерістер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығына сәйкес енгізіліп отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир