|
08.06.2017 | 11:14
3092

Мұхтар Әблязов сырттай 20 жылға сотталды

Мұхтар Әблязов сырттай 20 жылға сотталды

Бірнеше жылға созылған қылмыстық іс бойынша экс-банкир Мұхтар Әблязов сырттай 20 жылға сотталды. Үкімді Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты шығарды. Енді оның мүлкі тәркіленуі тиіс. Тергеу ұрланған қаражаттың зейнетақы жинақтары, Қазақстан азаматтарының жеке салымдары, шетелдік қаржы институттары берген займдар екенін анықтады. Аты шулы сот процессіне тілшіміз Нұрсұлтан Біләл қатысқан болатын. Дәл қазір ол бізбен тікелей байланыста. Нұрсұлтан, сот төрағасы нақты қандай үкім кесті? Және бұл іс бойынша айып тағылғандар келтірген шығын көлемі қандай?

Иә, Ануар енді қашқын олигарх қазақ жеріне аяқ басар болса оның қолына кісең тағылары сөзсіз. Дегенмен, оны экстрадициялау мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Енді сандарға келер болсақ. Аблязов пен оның сыбайластарының «БТА» банкіне келтірген шығыны 2 триллион 150 миллиард теңге. Ал мемлекетке олар 900 миллиард теңге қайтарулары тиіс. Бұдан бөлек айыпталғандар мемлекетке 15 триллион теңге көлемінде қарызды өтеулері керек. Сондай-ақ, сот Әблязовтың мүлкін тәркілеу жөнінде шешім шығарды. Нақтырақ айтсақ, Алматы қаласында орналасқан зәулім 3 коттеджі, бір көлігі және барлық жеке есеп шоттары бұғатталады. Жалпы қылмыстық іске 2 мың 200 томнан астам материал арқау болған. Сот оны екі ай бойы қарады. Енді сот үкіміне назар аударсақ.

«Сот  үкім етеді Мұхтар Әблязов Кабылұлын қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты. ҚР ҚК 58-ші бабы 3-ші тармағы бойынша  20 жылға бас болстандығынан айырып ,  300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, мүлкін тәркілеумен үш жыл банк мекемелерінде кәсіби қызметпен айналысу құқығынан айырды»,- деді Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соттың төрағасы, ¤Мартпек КАКИМЖАНОВ. 

Ал, Банктің топ-менеджерлері болған Сәдуақас Мәмеш пен Жақсылық Жәрімбетов 5 жылға шартты түрде сотталды. Оларға үш жылға дейін банк саласында қызмет атқаруға тиым салынды. Банктің кредиттеу бойынша директоры Қайрат Садықов 15 жылға сотталып, колонияда жазасын өтейтін болды. Оның да дүние-мүлкі тәркіленеді. Ол бірден сот залынан қамауға алынды. Садықовтың адвокаты мен туған-туыстары үкіммен келіспей, алдағы уақытта олар жоғарғы сотқа дейін шағым түсірмеміз деп отыр. 

«Негізгі қарыздың үстіне 17 жылдық проценттер өсімі шығарылған . Менің ойымша жазаланушыларға тағылған айып негізсіз. Қандай жағдай болмасын апелляциялық шағым міндетті түрде болады . Мен шығарылған үкіммен мүлдем келіспеймін»,- деді Қайрат Садықовтың қорғаушысы, Құрышбек ТӘҢІРБЕРГЕНОВ. 

Нұрсұлтан, ал Әблязовке сот үкім кескеннен кейін оны экстрадициялау мәселесі не болмақ?

Әблязовтың елімізге экстрадициялануы жайлы айту өте қиын. Дегенмен, оны интерпол да іздеуге жариялаған болатын. Айта кетейін 2009 жылдан бері шет ел асып, халықаралық іздеуде жүрген Әблязовтың үстінен Ресейде де қылмыстық іс қозғалған. Көршілес елдің тергеушілері оған 5 млрд долларды заңсыз иемденді деп айып тағып отыр. Францияда 2013 жылдың жазынан бері үш жылдан аса уақыт қамауда болған Мұхтар Әблязов 2016 жылы бостандыққа шыққан еді. Сол кезде Франция фемидасы күдіктіні экстрадициялау жайлы шешім шағарған болатын. Ол кезде Қазақстан, Ресей және Украина тиісті құжаттарды Франция мемлекетінің құзырлы органдарына жолдаған. Бірақ аталған елдің мемлекеттік кеңесі бұл үкімнің күшін жойған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

суд
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир