Қазақстанда ауыл шаруашылығына берілетін субсидияның көлемі қысқарған жоқ, тек берілу жолы мен түрі өзгертілді. Биыл елімізде осы салаға үлестірілетін судсидияның 65 түрі қайта қаралып, оның тек тиімді 54 түрі қалдырылды. Өйткені, Елбасы тиімді жұмыс істейтін кәсіпкерлерге ғана қолдау көрсету керек екендігін атап айтқан болатын, деді еліміздің Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов. Қазір тиімсіз деп танылған субсидияның 11 түрі алынып тасталған. Соның арқасында ауыл шаруашылығына жұмсалатын шығын көлемі 25 млрд теңгеге азайған. Оған қоса, гектарға берілетін субсидия бірінші кезекте тізімнен алынған. Вице-министрдің сөзінше, субсидияның бұл түрі тек мақта, күріш пен көп жылдық өсімдіктерге ғана қалдырылды. Сондай-ақ елімізде ауыл шаруашылығын несиелендіруде қағазбастылық азайып, кооперативтендіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Аталған саланы дамыту барысында 3 жылдың бюджеті нақтыланып, қаражат бөлінді.
«Ғылым арқылы үкіметте көп өзгеріс. Қазір міне жаңа бағдарлама Үкіметте, ауыл шаруашылықта. Сол бағдарламаға сәйкес жаңалық болып жатыр. Жаңа бағдарламаға Елбасы жылдың басында қол қойды. Міне 5 жылға. 2017 - 2021 жылға. Жаңа ауылшаруашылықты дамыту бағдарламасы. Ол қазір іске қосылды. Қазір бірінші жыл істеп жатырмыз. Қаражат бөлінгенде, бізде бюджет 3 жылға қаралынды», - деді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат АЙТУҒАНОВ.
Алматы облысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев бастаған топ агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологияларды енгізу бойынша көшпелі жиын өткізді. Кездесу барысында егіншіліктегі жер асты суару жүйесі, асыл тұқымды малдарға генетикалық зертхананың салыну барысы талқыланды. Сондай-ақ шара аясында заманауи ауылшаруашылығы техникаларының көрсетілімі мен жаңа ғылыми зерттемелер таныстырылды. Болашақта ірі-қараны асылдандыратын репродуктор салынады. Бұл ТМД елдері, тіпті Қытай да жоқ технология. Малдардың имбриондарын фермерлер осыннан сатып алады. Ал Байсерке-Агрода ет пен сүт өндіру жолға қойылған. Онда 3000 бас сиыр, 577 жылқы бар.
«Мынау Байсерке Агро ең заманауи технологиялармен жабдықталған кәсіпорын. Біз осындай кәсіпорындардың тәжірибесін ары қарай Қазақстанның фермерлерінің бәріне таратуымыз керек. Бұл жерде біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы осы 2 жыл болды. Осы жерде фермерлерді оқытумен оқытуды жүргізіп жатырмыз. Енді тағы бір айта кететенім, осы жерде қыркүйек айынан бастап бұл жерде репродуктор салынатын болады. Ең соңғы технологиямен салынған. Айтуға болады мұндай репродуктілер тек қана Америка Құрама Штаттары мен тек бізде ғана болады», - деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан ӘЛТАЕВ.