Заңгерлер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына тегін қызмет көрсетеді

Заңгерлер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына тегін қызмет көрсетеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде көгілдір отынның құны көтеріледі. Ал алдағы уақытта тегін заңдық көмек әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға қолжетімді болады. Сонымен қатар адвокаттар қиын жағдайға тап болғандарға да қол ұшын созады. Бүгін Сенат отырысында осы мәселелер жан-жақты талқыға түсті. Жоғарғы палата төрағасы Қасым - Жомарт Тоқаев биыл қарастырылған әрбір заң жобасының өзектілігін тілге тиек етіп, кезекті сессияны қорытындылады.

Жоғарғы палата депутаттары да бұл жолғы бас қосуда кезекті сессияны қорытындылап, ұсынылған соңғы заң жобаларын електен өткізді. Басым бөлігі елдің жағдайын оңалтуға бағытталған. Енді алдағы уақытта әлеуметтік аз қамтылған отбасылар түрлі жағдаят туралы заңгер кеңесін тегін алатын болады. Бұл халықтың құқықтық сауатын көтеруге сеп болмақ.

«Тегін заң көмегін көрсету қарастырылған. Ол прабона деп аталады. Айта кету қажет, ол прабона міндет емес құқық болып табылады.Оны көрсету мәжбүрлі болмайды»,-деді ҚР Әділет министрі Марат БЕКЕТАЕВ.

Ал 2021 жылға дейін көгілдір отынның құны біртіндеп көтерілмек. Халық қалаулылары кезең-кезеңімен іске астын бұл құжатты да мақұлдады. Ақпарға сенсек, заң жобасы аталмыш өнім бағасының шекті құнын белгілеп, сұйылтылған газды сатуға мүмкіндік беретін сауда биржасын құруға бағытталған. Яғни, баға көтерілсе, өндіруші отандық мекемелердің қызығушылығы артып, ішкі нарықта тапшылық сейіледі.

«Сұйытылған мұнай -газының мына сұраныстың динамикасын қарағанда таяуда, дәлірек айтқанда келесі 2019 жылдың өзінде сұйылтылған газға тапшылық пайда болғалы отыр.Осындай жағдайдайларды есептеп сұйылтылған мұнай-газдың тапшылығын болдырмау үшін, сұйытылған газ өндіретін өндірістің кірістік режимде жұмыс жасау үшін шекті көтерме бағаны тікелей көтеруге болмайды. Өйткені баға шарықтап өсетіні сөзсіз»,-деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ.

Білім және ғылым министрі жоғарғы оқу орындары өздерінің жеке бағдарламасы бойынша білім беру жүйесіне ауысу қажет екенін жеткізді. Осыған дейін мәжілісте қаралған заң жобасын сенаторлар алдында қорғап шықты. Бұл оқу орындары арасында бәсекелестікті арттырып, заман талабына сай мамандар санын арттырады.

«ҚР кейбір заң актілеріне жоғарығы оқу орындарының академикалық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 78 қадамын орындау мақсатында әзірленді. Онда Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-ның академикалық және басқару дербестігін кезең бойынша кеңейтуге көзделген»,-деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынның соңында кезекті сессияны қорытындылады. Елбасы тапсырмасы бойынша, Парламент сенаты 6-шақырылымның 3-сессиясында 84 заң жобасын қабылдағанын ерекше тілге тиек етті. Електен өткен әрбір сұрақ күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпай отыр деді. Осыған орай, Үкімет жасап отырған ұсыныстарына тиянақтылық танытса деген өтініш білдірді.

Назым Мәлікқызы, Ерсұлтан Қозыбағаров, Ботагөз Қайырбекова, «Алматы» арнасы, Астанадан.


Новости партнеров