Жас отбасы санатындағы азаматтардың жас мөлшері 35-ке дейін көтерілуі мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жас отбасы санатындағы азаматтардың жас мөлшерін 29-дан 35-ке дейін көтеру керек. Сенат қабырғасында  депутат Дархан Қалетаев еліміздің Премьеріне осындай ұсыныс жасады.  Шенді өз депутаттық сауалында пәтер алуға көмектесетін барлық бағдарламаларда жас отбасыларға қойылатын талаптардың тым жоғары екендігін айтты. Кемінде үш жыл некеде, сондай-ақ бала-шағасы болуы керек. Алайда отбасы мүшелерінің біреуі 29-дан асып кетсе, мелекеттің шарапатынан қағылады. Кең зәулім үй түгіл, қуықтай баспананы да иемдене алмайды.

«Өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартуды ойлаған жастар отбасы құруды кейінге қалдырып жатады. Бақытжан Әбдірұлы мемлекеттік бағдарламалар бойынша қойылатын кейбір категориядағы жас мөлшерін 35-тен 39-ға дейін, ал жас отбасылар үшін 29-дан 35-ке дейін көтеру қажет», - деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Дархан ҚАЛЕТАЕВ.


Новости партнеров