Қазақстанда долларсыздандыру жұмысы жалғасуда

03.04.2017 15:30

Долларсыздандыру жұмысы жалғасуда. Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 6,2 пайызға төмендеп, 17 трлн теңгені құрады. Бұл шет ел валютасындағы депозит көлемінің 11,5 пайызға төмендеуінен орын алған өзгеріс. Ал, теңгемен ақшасын сақтайтындар керісінше, 0,3 пайыз көлемінде шағын өсім көрсеткен.

«2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында теңгелік депозиттер көлемінің өсуі жеке тұлғалардың депозит ашуынан болды. Яғни, 121 млрд теңгеге жаңа депозиттер ашылды. Ал, долларда ақшасын сақтайтындар жеке тұлғалардың саны керісінше кемігенін байқауға болады», - деді ҚР ҰБ стратегия және анализ басқармасы басшысының орынбасары Рүстем ОРАЗАЛИН.