Елімізде қыркүйек айынан бастап 1,2,7 сынып оқулықтары жаңартылады

Елімізде қыркүйек айынан бастап 1,2,7 сынып оқулықтары жаңартылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Білім және ғылым министрлігі екінші, бесінші және жетінші сыныптарда оқытылатын пәндерді іріктеді. Бұл оқулықтарды пәндік комиссия талдап шыққан. Ол мемлекеттік стандарттарға сай жасалған, мектептерге бірінші қыркүйектен бастап түседі. Алдағы аптада оқулықтар министрліктің ресми сайтында жарияланады. Кез келген ата-ана, мұғалім, мамандар аталған пәндердің мазмұнымен танысып, өз ұсынысын енгізе алады. 

«Бір ай сайтта ілулі тұрады. Соның бәрін оқулықтың сайтынан қарап, бүкіл қауым өз пікірлерін жіберуге болады. Бір ай бізде бар. Содан кейін бекіткесін баспалар оны шығарады»,- деді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары, Эльмира СҰХАНБЕРДИЕВА. 

Пәндік комиссия 12 баспа ұсынған 197 оқулықты егжей-тегжейлі тексеріп, оның 130 іріктеуден өткізген. Сарапшылар құрамында білікті 126 маман бар. Пәндік комиссия жұмысы 6-сы мен 13 наурыз аралығында жүргізілген.

«100 ден астам оқулықтарды алып келді. Оның ішінде өзінің учебник орталығы. Оның ішінде жартысын жеткізбей шығарып тастады. Неге десеңіздер оның ішінде көптеген қателіктер болды. Сондықтан оның ішінде 30-40 кітаптың ішінде 1 емес екі апта отырып, қарап сол жұмыстарын 130 адам үлгерді. Толығымен әр қайсысы әр оқулықты дұрыстап қарап, қорытынды шығарды»,- деді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары, Эльмира СҰХАНБЕРДИЕВА.

 



Новости партнеров