Оралмандарға Қазақстан азаматтығын алу енді қиындық тудырмайды

14.08.2017 16:14

Оралмандарға Қазақстан азаматтығын алу енді қиындық тудырмайды. Бұрындары аталмыш құжат 3 немесе 5 жылда берілетін болса, қазір бір-ақ жылда қол жеткізуге болады. Бұл туралы Алматыда шеттен келген қандастарымызға ішкі тәртіпті түсіндіруге арналған жиында белгілі болды. Мамандар оларға үй кезегіне қалай тұру керектігін, қай мамандықтарға сұраныстың барын айтып берді.                                    

«Былтыр көбі Өзбекстаннан келген болса, ал биыл 217 адамның ішінде 63 пайызы Қытай Халық Республикасынан болып жатыр», - деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының бөлім басшысы Күлсін ЫСҚАҚОВА.