Шағын және орта бизнес үшін кедендік бақылау біршама жеңілдемек

23.06.2017 в 23:17

Шағын және орта бизнес үшін кедендік бақылау біршама жеңілдемек. Қазақстан, Ресей, Белорусь, Қырғыз Республикасы мен Армения елдері ынтымақтастық жөнінде 25 маңызды сұрақтар төнірегінде алқа жиынын өткізді. Осымен 23-ші рет ұйымдастырылған кездесуде осыған дейін қабылданған бірқатар талаптарға өзгертулер мен толықтырулар еңгізу талқыланды. Тәжірибе ретінде одақтас Беларусь, Ресей  және Қырғыз мемлекеттерінің  аумағында жүзеге асырылған электронды транзит жобасы енді Қазақстан мен Армения территориясында да жұмыс істей бастайды. Бұл  сауда операциясына жұмсалатын уақытты қысқартады» - дейді мамандар. ¤

«Одақтас кеден қызметінің алқасы келесі жолы Ереванда қыркүйек айында жиын өткізеді. Ол жерде біз заманауи соңғы технологияларды кедендік бақылауға еңгізуді қарастырамыз. Қазақстандық әріптестеріміз «Астана-1» жүйесін ұсынды. «Жасыл аумақ» жобасының қатысушыларына бұл жүйе жұмыс процессін жеңілдететіні сөзсіз»,- деді Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметінің басшысы, Владимир БУЛАВИН.