Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының шенеуніктері жемқорлыққа бір табан жақын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының шенеуніктері жемқорлыққа бір табан жақын. Бұл тізімнің қатарында Жамбыл және Қарағанды облыстары да бар. Өткен үкімет отырысында Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Ішпекбаев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, министрліктердегі бірқатар процесстер мен жергілікті атқарушы орындардың жұмысы дұрыс жүйеге қойылмаған. Мысалмен де сөйледі. Сингапурдың көшбасшысы Ли Куан Ю-дың, «жоғарыдағы адамдар жемқорлық туралы хабарсыз болса, онда олардың жасырғаны бар» деген тәмсілімен сөзін түйді.

«Салықтық және кедендік әкімшілік жүйесі автоматтандырылмаған. Мемлекеттік орын жетекшілеріне құзыреттілік берілсе де, қоластындағы қызметкерлерінің жасаған жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік алғысы келмейді. Тәжірибе көрсеткендей, Сингапурда кеденде орын алған жемқорлық іс-әркетінің бір ғана дерегі үшін, барлық ұжым жұмыстан қуылады»,- деді Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, Алик ІШПЕКБАЕВ.


Новости партнеров